Цой вакцинаның екі дозасының арасындағы уақыт не себепті ұзартылғанын айтты
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық вакцинаның екі дозасын егу арасындағы аралықтың не себепті ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр вакцинаның алғашқы дозасын салғаннан кейін-ақ қажетті иммунитет қалыптасатынын айтты. Ал вакцинаның екінші дозасы қалыптасқан иммунитетті бекіту үшін салынады.
"Вакцинаның екінші дозасы иммунитетті бекіту және антидене санын арттыру үшін салынады. Пандемия кезінде тек Қазақстан ғана емес Ұлыбритания, Франция, Украина, Чехия, Канада мемлекеттері, Sputnik V вакцинасы ғана емес, Pfizer, BioNTech, Vaxzevria басқа вакциналарына да вакцинация мерзімін ұзартты. Бұл - жаһандық тренд, мұнда жаңа ештеңе жоқ. Біз бұл жүйені қолдаймыз", - деп қосты Цой.
Цой Sputnik V вакцинасын жасаушы Гамалея Ресей эпидемиология және микробиология ұлттық ғылыми орталығының хатын көрсетті. Орталық директоры Александр Гинзбург өз хатында Sputnik V-дің бірінші және екінші дозаларын енгізу арасындағы аралықты 21 күннен 90 күнге дейін ұзартуға болатынын мәлімдеген.
Қазақстанда балалар үйіндегілерге мәжбүрлі түрде вакцина салынып жатыр: Министрлік түсіндірді