"Covid-19" пандемиясы аяқталды - Байден
Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден “60 минут” телешоуында коронавирустық пандемия аяқталды деген пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап.

Сурет: Interfax
"Пандемия аяқталды. Десе де АҚШ-та әлі де COVID-19 мәселесі бар. Біз әлі көп жұмыс істеп жатырмыз", - деді Байден.
Сонымен бірге, АҚШ-тағы COVID-19 Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай болып саналады. Пандемия басталғаннан бері вирус миллионнан астам америкалық азаматтардың өліміне себеп болды.
“Елімізде барлығы 95 милионнан астам жағдай тіркелген. Ал өткен тәулікте 62 мың жағдай тіркелді”, деп жазады The New York Times.
Бұған дейін ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс әлемдегі коронавирустық пандемия аяқталуға жақын деп мәлімдеген.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды