Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-ға қарсы вакцина өлімнен аман алып қала ма? Қазақстан мен Ұлыбританиядағы жағдайды салыстырамыз

Вакциналар әсерін береді және адам өмірін сақтайды. Мұны әлемнің әртүрлі елдеріндегі ауру мен өлім статистикасы айқын көрсетіп отыр. Мысал ретінде біз Ұлыбритания, Қазақстан және Ресейдегі жағдайды талдайтын боламыз. 

Соңғы күндері Ұлыбританияда коронавирустың жаңа рекордтық саны тіркелуде. Күні кеше ғана 28 334 жағдай болды. Инфекция жұқтырғандар,  санымен бірге өлім саны да айтылады. Елде күніне 37 өлім жағдайы тіркеліп отыр.

Сол күні Қазақстанда коронавирустық инфекция мен пневмониядан 34 адам көз жұмды (олардың 28-інде коронавирусқа оң сынама көрсетті, ал 6-ында теріс). Ұлыбританиямен салыстырсақ өлім-жітім жағдайы бірдей, бірақ инфекциялар саны әлдеқайда төмен. Бізде 6 шілдеде 2711 жағдай анықталды.

Ресейде эпидемиологиялық жағдай Ұлыбританияға қарағанда біршама жақсы. 6 маусымда 22 926 COVID-19 оқиғасы тіркелді. Бірақ өлім-жітім 20 есе жоғары. 726 адам бір күнде коронавирустан көз жұмды.

Неліктен бұндай айырмашылық болып тұр? Сарапшылардың айтуынша, басты себеп – вакциналау қарқыны.

Ұлыбританияда ересек тұрғындардың 50,8%-ы вакцинаны толық салғызды. Ал Ресейде вакцинаның екі дозасын тек 12,6% тұрғын алды. Қазақстанда республиканың 2 214 907 азаматы толықтай вакциналанды, бұл вакцина алатындардың 12%-ға жуығы (6 шілдедегі мәлімет).

 

Ресейліктер мен қазақстандықтардың көпшілігі Sputnik V вакцинасымен, ал британдықтардың көпшілігі Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы әзірлеген вакцинамен егілді. Екі вакцина да бірдей: аденовирустарға негізделген екі компонентті векторлық вакциналар.

"Ұлыбританиядағы зерттеулер көрсеткендей, AstraZeneca векторлық вакцинасының екі дозасын қабылдау коронавирустың дельта нұсқасын жұқтырудан жақсы қорғайды. Sputnik V вакцинасы да вакциналардың осы санатына жатады. Оны жасаушылар үнді штаммына қарсы жоғары тиімділік береді", – деп жазады профессор-иммунолог Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында.

Оның пікірінше, Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше тезірек вакцинациялау қажет.

"Бұл қаншалықты ұзаққа созылса, коронавирустың мутацияға және жұқпалы, агрессивті нұсқаларға айналу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Вакциналанбаған адамдар – вирустың сақталатын орны. Ол өмір сүру үшін белсенді түрде өзгереді, яғни мутацияға ұшырайды", – деп атап өтті Шарман.

Талқылау