COVID-19 белгілері өлімге әкелетін вирустың симптомдарына ұқсайтыны белгілі болды
Алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған Nipah немесе NiV вирусының тұмауға, сонымен қатар коронавирусқа ұқсас белгілері бар екені анықталды.
Nipah вирусының белгілері қызба, тамақ ауруы, бас ауруы, бұлшықет ауруы, жүрек айну екені белгілі болды. Көбінесе вирус өкпе мен миға әсер етеді. Науқастардың басы айналып, абыржый бастайды. Сонымен қатар жедел энцефалит дамуы мүмкін.
Басылымның жазуынша, инфекцияның инкубациялық кезеңі 4-тен 45 күнге дейін созылады. Ауруды емдеуге арналған вакциналар да, вирусқа қарсы препараттар да жоқ. Сонымен қатар вирус COVID-19-мен салыстырғанда көбірек өліммен аяқталады.
Қазіргі уақытта белгілі болған жағдайларда адамдар жануарлардан жұқтырған. Бангладеш пен Үндістанда инфекцияның ең ықтимал көзі жемістер мен олардан жасалған өнімдер болды. Nipah вирусының адамнан адамға жұғуы да белгілі. Бұл "тығыз байланыста" болған жағдайда мүмкін.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”