Чикаго маңындағы атыстан алты адам қаза тапты
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Хайленд Парк қаласында мемлекеттің тәуелсіздік күніне арналған шеруі кезінде атыстан 26 адам жарақат алып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жарақат алған 26 тұрғын ауруханаға жеткізілген. Чикаго сан-таймс газетінің хабарлауынша, оқиға шеру басталғаннан кейін болған. Куәгерлер 20-дан 50-ге дейін оқ атылғанын естігенін айтады.
Полиция оқиға орнынан атыс болған мылтықты тапты. Құқық қорғау органдары қазір шеруде атыс ұйымдастырған күдіктіні ұстағандарын айтты. Бұл туралы дүйсенбіде қалалық полиция бөлімінің бастығы Лу Джагмен американдық телеарналар таратқан баспасөз мәслихатында айтты.
Оның айтуынша, Чикаго маңындағы патрульдік қызметкерлер куәгерлердің сипаттамаларына сәйкес келетін көлікті байқап, артынан қуған. Нәтижесінде 22 жастағы күдікті қолға түскен. Қазіргі таңда тергеуді бастау үшін ол полиция бөліміне жеткізілді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі