Чемпиондық атаққа талас: Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуіне үміткер атанды
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша чемпион атағына үміткер атанды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір ұйымның чемпиондық белбеуі Деметриус Андрадеге тиесілі. WBO Андраденің командасын Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуге арналған келісімді 20 күн ішінде жасауға міндеттеді. Бұлай болмаған жағдайда 200 000 доллардан басталатын промоутерлік сауда-саттық басталады.
Айта кетейік, Әлімханұлының менеджері Эгис Климас WBO-ға ресми ұсыныс тастап, боксшыны чемиондық белбеуге ресми үміткер ретінде тағайындауды сұраған.
Деметриус Андраде бұған дейін Джейсон Куиглиді нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді қорғап қалған еді. Ал Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде Хассан Н'Дамм Н'Жикамды жеңген.
Қазіргі әлем чемпионы Деметриус Андраде кәсіби рингте 31 кездесу өткізіп, оның 19-ын нокаутпен аяқтаған. 33 жастағы боксшы мүлде жеңілмеген.
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты