"Чемпиондар, қайдасыңдар?": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарына үндеу жолдады
WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) өзімен жұдырықтасудан қашып жүрген боксшыларға тағы да үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдың қарашасында Әлімханұлы алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғап, британиялық Дензель Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңген еді.
"Чемпион болғанда, атағы жоқтардың бәрі сенімен жұдырықтасқысы келеді. Чемпиондардың төбелескісі келмейді. Чемпион тек чемпионмен күрескісі келеді. Чемпиондар, қайдасыңдар? Мені бейтаныс боксшылар да, чемпиондар да қызықтырмайды", – деп жазды ол.
When you're a champion, everyone who doesn't have a title wants to fight you. Champions don't want to fight. Champion only wants to fight with a champion. Where are you champions? I am not interested in unfamiliar boxers and not champions!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) January 30, 2023
Еске салайық, бұған дейін Worldboxingnews.net сайты әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялаған. Қазақстандық боксшылар World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
