БҰҰ: Украинадан кеткен босқындар саны 1 миллионға жетті
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Филиппо Гранди Украинадан кеткен саны 1 аптаға 1 миллионға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бар-жоғы 7 күннің ішінде Украинадан көрші елдерге кеткен босқындар саны миллионға жетті", – деп жазды Гранди.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен бұған дейін Еуроодақтың босқындарды қабылдауға дайын екенін айтқан еді. Мұндай мәлімдемені АҚШ, Ұлыбритания мен Литва да жариялаған.
Айта кетейік, бұған дейін Украинадан оралған қазақстандықтар елдегі жағдай туралы айтып берген еді.
"Бұл өмірде қосылмасақ, ана өмірде бірге боламыз": Астанадағы қанды оқиға алдында не болғаны белгілі болды
Марқұмның жақындары редакцияға сұхбат берді
"Тіпті бүркіттерді де үркітеді": Алматы мен оның маңын басып алған ауған қараторғайлары қандай зиян келтіреді?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз