Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуроодақ Украинадан 7 миллионға жуық босқынды қабылдауға дайын

Еурокомиссияның мәліметінше Ресейдің Украинаға соғысы ел ішіндегі халықтың ығысуына әсерін тигізеді. Қазірдің өзінде соғыстан қашқан украиндардың саны 7 миллионға жеткені туралы ақпарат тарауда. Бүгінде комиссия 90 миллион еуроны гуманитарлық көмекке жұмылдыруға дайындап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропалық Одақтың дағдарысты басқару жөніндегі комиссары Янез Ленарчич егер Ресей шабуылы жалғаса берсе елден кетуге мәжбүр болған босқындарға гумманитарлық көмектің қажет болатынын айтты.

Еуроодақ барлық елден комиссия мүшелігі арқылы босқындарды қабылдаудың бірыңғай бюрократиялық емес процедурасын құруды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз елден кетуге мәжбүр болған украиндар ЕО-тың уақытша қорғауында 3 жылға дейін бола алады. Бұл туралы  Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фаезер Брюссельдегі ЕО-ға мүше елдердің ішкі істер министрлерінің өтенше жиналыс аяқталғаннан кейін хабарлаған.

“Ресей шабуылынан кейін Еуропа елдерінің арасындағы ынтымақтастық одан сайын нығая түсті. Бұл біздің Путиннің қылмыстық агрессивті соғысына қарсы табанды жауабымыз. Біз Украина халқымен біргеміз. Бұл Балқан соғыстарынан кейінгі құқықтық базаны қолданудың алғашқы жағдайы болмақ”, – деді Нэнси Фаезер. 

Оның айтуынша Еуропа елдері соғыстан қашқан украин азаматтарын қабылдауға дайын. Неміс саясаткері түсіндіргендей, бұл директива баспанаға өтініштер саны стандартты процедура бөлімдердің шамадан тыс жүктелуіне әкелетіндей көп болған жағдайда қолданылуы керек. Комиссия тиісті ережелердің ішкі істер министрлерінің бейсенбіге жоспарланған келесі отырысына ұсынылатынын хабарлады. Германия үкіметі қазірдің өзінде Украинадан келген босқындарға барлық қолдау көрсетуге уәде берді.

ЕО мәліметінше, қазірдің өзінде Украинадан Еуропалық Одаққа кемінде 300 000 босқын келген. Дегенмен ЕО әлдеқайда көп адамдарды қабылдауға дайындалуы керек. Еуропалық ішкі істер комиссары Йлва Йоханссон босқындарды қабылдауға дайындықтың жүргізілгенін мақтанышпен айтты. 

Талқылау