Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ: Коронавирустың салдары жүздеген мың баланың өмірін қиюы мүмкін

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус пандемиясының себебінен болған жаһандық құлдыраудың кесірінен 2020 жылы бірнеше мың бала жаппай көз жұмуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

балалар

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы коронавирус пандемиясының салдарынан пайда болған әлемдік дағдарыстың арты неге әкеп соғатыны жайлы баяндама жасады. 

""COVID-19 пандемиясының себебінен әлемде жаппай құлдырау орын алып, адамдардың табысына айтарлықтай зиянын әкелуде. Тұрмысы төмен жандар өз отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды, ал бұл балаларың денсаулығына кері әсер етеді", - деп мәлімдеді БҰҰ хатшысы. 

Сонымен қатар ол мектептердің қашықтан білім беруге көшкенін айтып кетті. Алайда БҰҰ мәліметінше, әлемдегі 310 миллион бала үшін мектеп күнделікті тамақтанатын басты орын екен. 

"Кейбір мемлекеттерде желшешек пен полиомиелитке қарсы балаларды егу тоқтап қалды. Коронавирус жұқтырғандар ауруханаларды басып қалғандықтан балаларға тиесілі ем көрсетілмей, көз жұмып жатыр", - деп қосты Гутерреш. 

Айтуынша, әрбір елдің үкіметі айтылған мәселелерді шешу үшін осы бастан қимылдау керек. Өйткені мәселе ушығатын болса жүздеген мың бала жаппай қырылуы әбден мүмкін. 

 

Талқылау