БҰҰ: Украинада мыңнан аса бейбіт тұрғын мерт болды
Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинада 1 119 тұрғынның мерт болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар босқындар бойынша да деректер ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адам құқығы бойынша кеңесте ұсынылған деректерге сәйкес, тағы 1800 адам жарақат алды, олардың 100-ге жуығы балалар.
Тұрғындардың басым бөлігі ауыр артиллерия мен реактивті жүйелер шабуылынан қаза тапқан. Кеңесте мерт болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтылды. Себебі атыс жүріп жатқан кей аймақтардан ақпарат кеш жетеді екен.
Cонымен қатар Украинадан кеткен босқындар саны 3 миллион 800 мыңға жеткен. Олардың 2 милионнан астамы Польшаға, 600 мыңға жуығы Румынияға, 400 мыңға жуығы Молдоваға кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президент Джо Байден Путинді "қасапшы" деп атаған болатын. Сонымен қатар ол әлемнің демократия үшін ұзақ күреске дайын болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"