"Бұрқасын қар жауып, жел соғады": Синоптиктер қаңтар айына ауа райы болжамын жариялады
Қаңтардың алғашқы онкүндігіне арналған ауа райы болжамы жарияланды. синоптиктер атлантикалық циклондардың салдарынан ауа райы тұрақсыз болады деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазақстанның солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасын қар жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік жартысында қар ери жауады. Қазақстанның басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
“Республиканың солтүстік-батыс жартысында жел секундына 30 метрге дейін немесе одан қатты екпінмен соғуы мүмкін. Қаңтардың бірінші онкүндігінде еліміздің батысында түнде температура -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқиды. Қазақстанның солтүстік-батысында сынап бағанасы түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендейді”, – делінген хабарламада.
Елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін жоғарылып, түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендейді.
Сондай-ақ республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, кейін түнде -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі ықтимал.
Оңтүстік циклондардың салдарынан ауа температурасы көтеріліп, бірнеше қарқынды жылу толқындары пайда болады. Республиканың солтүстік жартысында сынап бағансы күндіз -5+2°С, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С көрсетеді.
“Солтүстік-батыс антициклонның себебінен бірнеше суық толқындар пайда болуы ықтимал. Бұл күндері ауа температурасы төмендейді: еліміздің солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде -25-35°С, күндіз -15-25°С градусты көрсетеді. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-батысында температура түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін төмендейді”, – деген болжам жасады синоптиктер.
Ауа райы болжамына сәйкес, қаңтарда жиі екпінді жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.