Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Primeminister.kz
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әділет экс-министріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ол жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деп күдіктелді”, – делінген хабарламада.
Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болған кезде ұсталған – Бас прокуратура
Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен қылмыстық схемаларды әшкерелеуге байланысты сандық емес, сапалық көрсеткіштерге назар аударылатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталғанын жазған едік.