Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растағанын хабарлаған болатыбыз. Бекетаевқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"