"Бұл жолы гипс немесе ота": Жұлдыз Әбдікәрімова екінші ұлының денсаулығына алаңдайтынын жеткізді
Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ортаншы ұлының денсаулығы сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Актрисаның айтуынша, ұлы Нарұлдың қолы бала күнінен шығып кете беретін болған.
“Бір аптадан бері үйдегі ұлдардың жағдайын жасап жатырмын. Нарұлға алаңдап, жақсы тілек тілеп жатқан жанашыр оқырманыма ерекше алғыс. Дәрігер іздеп жатқаным рас. Сондықтан хаттарыңызды жібермей оқып жатырмын. Негізі халық еміне еш қарсылығым жоқ. Нарұлдың бала күнінде қолы ойнамалы болған. Қайта-қайта шығып кете беретін. Сол кезде сынықшыларға талай барғанбыз”, – деді өнер иесі.
-
“Мамасының баласы" деп мұқатады": Гүлзира Айдарбекова халыққа үндеу жасады
-
"Қайраттың балаларын бағып отыр": Жұлдыз Әбдікәрімова анасының туған күнінде әсерлі жазба жариялады
Ұлының денсаулығына алаңдаған актриса бала өскен сайын түрлі мәселеге тап болатынын жасырмады.
“Енді бізге рентген нәтижесі гипс немесе ота жасау қажет екенін көрсетіп тұр. Жалпы бала өскенше осы екен ғой. Дәрігермен дос боласың. Қажет болса, өзің емші болып кетесің”, – деп жазды продюсер.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Айта кетейік, "Алдаркөсені Шерлок Холмстың деңгейіне көтере алмай отырмыз" деп Жұлдыз Әбдікәрімова балалар әдебиетіне қатысты мәселе қозғағанын жазған едік.