"Бұл сайысқа қатыспағаны дұрыс еді": Рыбакина Берлиндегі турнирде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рыбакина екінші айналымда хорватиялық Донна Векичке қарсы ойын өткізген. 2 сағат 14 минутқа созылған матч 6:7, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Przegląd Sportowy басылымының журналисі Мацей Требски қазақстандық теннисшінің жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
"Бұл сайысқа қатыспағаны дұрыс еді. Рыбакина бірнеше күн ауырып, қайта қалпына келу үшін тағы бірнеше күн керек болды. Меніңше, "Уимблдонға" жақсы формада келеді. Себебі бұл корттар Рыбакинаның стиліне жақын", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Францияның ашық чемпионатында Рыбакина денсаулық жағдайына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан еді.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді

