"Бұл көзден не оқыдыңыз?": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдына бірге шықты
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бірге көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kair_n/
Өнер иелері Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен туған күнге қатысты.
“Ақтаудың атмосферасы, ауасы, кеші адамдары бәрі-бәрі ұнайды. Мына көзден не оқыдыңыз?! Жаза кетіңіз”, – деп жазды актриса.
Одан кейін Қайрат Нұртас әйелімен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Онда ерлі-зайыпты мерекелік шарада билеп жүргенін көруге болады. Бейнежазбада әнші келіншегін белінен құшақтап, бетінен сүйіп алды.
Еске салайық, ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың әйелі үндеу жасаған еді.
“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деген еді актриса.