"Бұл әлі жоспар ғана": Отбасы банк төрағасы 9-20-25 бағдарламасының қашан іске қосылатыны туралы айтты
2024 жылы 9-20-29 ипотекалық бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Алайда бұл әлі жоспар ғана. "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ОКҚ
Ләззат Ибрагимовадан Stan.kz тілшісі “9-20-25 бағдарламасы іске қосылса, 7-20-25 сияқты басталмай жатып лимиті бітіп қалатын бағдарлама қатарынан болмай ма?” – деп сұрады.
"Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы аталған бағдарламаның әлі басталмағанын және ешқандай лимиті де жоқ екенін айтты.
"Бағдарлама біздің жоспарымыз, есептеп жатырмыз. Бізге жас отбасылардан "кезекке тұра алмаймыз, 4 баламыз жоқ, арнайы бағдарлама жасап беріңіздер" деген сынды өтініш көп келеді. Сол жоспарымызға қатысты ақпарат интернетке тарап кетіпті. Ол бағдарлама болса, 2024 жылы ресми ақпаратын береміз", – деді Ләззат Ибрагимова.
Банк төрағасы 9-20-25 бағдарламасының шарттары мен тетіктері тек келесі жылы ғана белгілі болатынын айтты.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ