Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл әдейі ұйымдастырылған өрт болды". Ақан Сатаев "Қазақфильмдегі" өрт жайлы пікір білдірді

"Қазақфильм" президенті Ақан Сатаев "Қазақ хандығы" кинокартинасына декорацияны жойған ірі өрт туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жариялады.

"Мен "Қазақфильм" киностудиясындамын. Қазір, өкінішке қарай, "Қазақ хандығы" кинокартинасының жанып кеткен декорациясының орталығында тұрмын. Өртеніп кеткен екінші нысан осы жерден 200 метр қашықтықта орналасқан - орман қоймасы. Әлбетте, бұл әдейі ұйымдастарылған өрт болды. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Шығын көп болмағандықтан,  біз жұмысымызды жалғастырамыз", - деді Ақан Сатаев.

Режиссер қылмысты ұйымдастырушылар табылады деп үміттенетінін айтты.

"Өрт сөндірушілер мен осы қиындықты тез әрі тиімді орындаған қала билігіне алғысымды білдіргім келеді. Кешеден бері жіберген қолдау сөздерін жіберіп жатқан баршаңызға алғысымды білдірем. Бұл бізге күш береді. Нәтижесінде бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деді режиссер.

Айта кетейік, жұма күні кешке, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында қатты өрт басталды деп хабарланған еді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

 

Талқылау