"Бүркіттей жігітпен ән айту қызық болды": Наташа Королева қазақ тілінде ән айтты
Қазақстандық әнші Беркут пен ресейлік әнші Наташа Королеваның бірлескен жұмысы - "Қылықты қыз" әніне бейнебаян шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаз айының ортасында түсірілген бейнебаян Қазақстанда өтті. Екі музыкант да соңғы сәтке дейін әлеуметтік желілерде халықтың клипке деген қызығушылығын туғызды.
Тыңдаушылар үшін басты тосынсый - Наташа Королеваның қазақ тілінде ән шырқап, ұлттық костюмді киюі болды.
"Мен үшін бұл қызықты жұмыс болды. Қазақ тілінде ән шырқап, Бүркіт сияқты жігітпен бірге жұмыс істеу ұмытылмастай әсер қалдырды!!! Қазақ достарым, сіздерге баға жетпес тәжірибе үшін рахмет!!!" - деп жазды Королева өзінің Instagram парақшасында.
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды