Бурабайда ресейлік әйелді 50-ден астам адам бір тәулік бойы іздеді
Бурабай ауданында ресейлік әйелді 50-ден астам адам бір тәулік бойы іздеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер бір тәулік бойы Омбыдан Бурабайға демалуға келген әйелді іздеген.
Сонымен, 31 тамыз күні Ресей Федерациясының 1986 жылы туған азаматшасы "Альтаир" қонақүйінде демалғаны және де сағат 23:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені белгілі болды.
"Дабыл" сигналы бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 43 адам жұмылдырылды: 16 адам Ақмола облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Щучинск қаласы жасағының қызметкерлері 3 бірлік техника, Бурабай ауданы ТЖБ екі қызметкері, полиция бөлімінен 10 қызметкер, Lider.kz еріктілер ұйымынан 6 адам, кинологтар 1 бірлік, 2 қызметкер және "Арлан" атты іздестіру-құтқару иті.
1 қыркүйек күні Ақмола облысы ТЖД күшімен әйел табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ