"Бүкіл жағдайын жасап, өзіміз жолда жүреміз": Гүлзира Айдарбекова келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін айтты
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Өнерлі жұп Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғар мен Индираның қолында тұрады.
“Бізбен тұрған келінге рахат шығар?! Аузы-мұрнынан шығарып мұздатқыштарын толтырып, бүкіл жағдайын жасап, өзіміз жолда жүреміз. Әр елден сыйлық тасып мәз боламыз. Олардың қуанғанын көріп, балаша қайта зуылдаймыз. Әзірге “бізбен тұрасыздар” деп екі келін таласып отыр. Үйде отыратын жасқа келгенде бөлек үй салып таямыз-ау, жақпай қалмай тұрғанда деп әзілдейміз балалармен”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары өнер иесінің сөзін жөн санап, түрлі пікірін жаудырып жатыр. Бірі келінді бетімен жібермеу керек десе, енді бірі бала-келіннен бөлек тұрған дұрыс деген көзқараста.
“Әзірше жассыздар, өз қолдарың өз аузыңа жетіп тұрғанда бөлек тұрған да жақсы. Бірақ қай келін ыңғайлылау сонымен басынан тұрған жөн. Жастар үйде үлкен адамның бар екенін сезіп сыпайы болып жүреді”, “Қара шаңыраққа кіші келінді ұстау керек”, “Келіндеріңізге рахат, бар жағдайы жасалған. Кірсе бар, шықса жоқсыз. Әр жақта қыдырып жүргеніңіз оларға да жақсы. Ағамыз да келіндерін қуантып жүреді”, “Келіндерді бөлек жіберіп, Нұрекең екеуіңіз ән айтып жүре беріңіздер”, “Аға екеуіңіз үнемі сыйлықпен жүресіздер. Еңбектеріңіздің жемісі ұзағынан болсын. Берген бақ баянды болсын”, “Келінім деп отыр ғой, Жұлдызды Қайраттың ақшасына ортақтаспасын деп ажырастырып едің, енді сыпайы болып отыр” деген пікір жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Гүлзира Үсенқызының жаңа әні көптің көңілінен шықпағанын жазып едік.