Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брэд Питт актриса Сиенна Миллермен кездесіп жүр

Голливуд актері Брэд Питтің көңілі британдық-америкалық актриса Сиенна Миллерге ауа бастады.

318195 (1)

Page Six басылымының мәліметінше, 53 жастағы актер 35 жастағы актрисамен бірге кешкі ас ішкен. Куәгерлер олардың бір-бірінен көз алмай күні бойы әңгіме айтқандарын айтты.

Актрисаның Питтің Plan B кинокомпаниясы түсірген жаңа фильмінде роль сомдағаны да айтылып жүр. Америкалық «Жоғалған қала Z» фильмінің премьерасы сәуір айында өтті.

Питт пен Джоли 2005 жылдан бастап кездесті. Олар 2014 жылы үйенген болатын. Ерлі-зайыптылар үш қыз тәрбиелеп, тағы үш бала асырап алған еді. 2016 жылы Джоли ажырасуға арыз берді.

Сиенна Миллер британдық актер Джуд Лрумен кездескен еді. Актриса актер Том Старриджға тұрмысқа шығып, төрт жылдан соң 2015 жылы ажырасып кетті. Олардың ортақ бір қызы бар.

Тағы да оқыңыз:

Джоли мен Питтің ажырасуының ел күтпеген себебі белгілі болды

Брэд Питтің өмірінде жаңа махаббаты пайда болды

Балаларымен кездескен Брэд Питт көзіне жас алды

Талқылау