Brent маркалы мұнай баррелінің құны 40 доллардан асты
Brent маркалы мұнай бағасы наурыз айының басынан бері алғаш рет 40 доллардан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:30-дағы жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің бағасы 5,324 пайызға, яғни барреліне 40,36 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайға шілдедегі фьючерстердің бағасы барреліне 6,85 пайызға, яғни 37,87 долларға дейін көбейді.
Еске сала кетейік, наурыз айында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің параметрлерін өзгерту туралы да, оны ұзарту туралы да бір келісімге келе алмаған болатын. Нәтижесінде 1 сәуірден бастап бұрынғы альянсқа қатысушы елдерде мұнай өндіруге деген шектеу алынып тасталды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ