Бойжеткен селфиге түсуге құмарлығының арқасында өз өмірін құтқарып қалды
Британияның Вулверхэмптон қаласының тұрғыны купальникпен селфиге түсемін деп өз өмірін құтқарып қалды.
Үнемі селфиге түсуді әдетке айналдырған Клоэ Джордан суретке қарап отырып, денесіндегі меңді байқап қалады. Ол меңінің түрі мен түсі өзгергенін аңғарады. Осыдан соң 21 жастағы қыз дәрігерге қаралады. Дәрігер оның меңі қауіпті екенін, оны тез арада алдырып тастау керектігін ескертеді. Кейіннен қызға меланома диагнозы қойылады. Ол терінің қатерлі дерті.
«Мен осы уақытқа дейін меңнің қатерлі екенін білмеппін. Демалыс кезінде күнге күйгенді жақсы көретінмін. Айына 1-2 рет арнайы орындарға барып денемді күйдіріп жүрдім. Қайта селфиге түскенім жақсы болыпты. Осылайша өз өміріме төнген қауіпті дер кезінде білдім», – дейді ол.
Бойжеткен өзгелерге сабақ болу үшін бұл жайлы БАҚ-қа жариялап, күнге күюдің зиянды жақтарын, күмән болған жағдайда маманға қаралудың жөн екенін айтты.
Ит тойда теракт жасамақ болған лаңкеске секіріп бірнеше адамды аман алып қалды