Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боратпен болған әзіл үшін: Канадалық боксшы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Канадалық боксшы қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Боратпен болған әзіл үшін: Канадалық боксшы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Канадалық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлына Бораттың купальнигін кигізіп, желіге жариялап жіберген. Мұны көрген жұрт ашуға салынған еді.

Стюарт МакЛеллан жекпе-жектің алдында мұндай әзіл арқылы күллі қазақстандықтардың намысын оятқаны үшін кешірім сұрады. Боксшы негізгі мақсаты ұлтты қорлау емес, қарсыласын қаймықтыру болатынын айтты. Жасаған қателігін мойындап, кешірім сұраған канадалық боксшы. 

"Мен барлық қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бораттың образы оларға өте жағымсыз екенін білмедім. Сіздерден шын жүректен кешірім өтінемін. Мен өзімнің бүкіл елді емес, бәсекелесімді ренжіткім келді", - дейді ол. 

МакЛеллан мен Әлімханұлының жекпе-жегі 17 тамыз күні Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтеді. Екі спортшының шаршалаңда бақ сынауына 10 раунд берілетін болады. 

Талқылау