Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Борат 2" фильмі екі "Алтын глобус" сыйлығымен марапатталды

Қазақстандағы және ғаламтордағы наразылықтар толқынына қарамастан, "Борат 2" фильмі "Алтын глобус" беделді сыйлығына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

"Борат 2" фильмі бірден "Алтын глобус" сыйлығының екі мүсінін жеңіп алды. Бірінші мүсінді "Үздік комедия" номинациясы бойынша алды.

Басты рөлді сомдаушы Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі үздік актер" номинациясында марапатқа ие болды.



Еске салайық, "Борат-2" фильмінің 2020 жылдың 23 қазанында Amazon Prime-де өтті. Картина өте ұзақ атау алды - "Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы " (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation of Kazakhstan).

Нью-Йорктегі қазақстандықтар "Борат-2" фильміне қарсы митингке шықты. Қазақстандық әншілер де Қазақстан үкіметінен Мемлекеттік туды қорлаған Боратқа қатысты шара қолдануды талап етті.

Дегенмен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты наразылық нота жолдау мағынасыз екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, "Борат" кинокартинасының бірінші бөлімі 2006 жылы шыққан, оны Қазақстанда көрсетуге тыйым салынды.

Талқылау