Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боранбаевтың әйелі Esentai Tower-дегі мүліктің бір бөлігін алу ісі бойынша жеңіліп қалды

Алматының Медеу аудандық соты Шолпан Боранбаеваның Қайрат Боранбаевқа қарсы шағымын қанағаттандырмады. Кәсіпкердің әйелі мүлікті бөлу туралы талап арыз берген. Ол үй мен жердің 50 пайызын сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

2024 жылдың қаңтарында кәсіпкер Қайрат Боранбаев сот орындаушысының мүлікті бөлуіне қатысты талап-арыз берген. Алайда сот арызды қанағаттандырмады. Медиация тәртібімен келіспей, көктемде Шолпан Боранбаев Медеу аудандық сотына күйеуі Қайрат Боранбаевты жауапкер етіп, ортақ мүлікті бөлуді талап етіп, арыз жазған.

Шолпан Боранбаева Әл-Фараби даңғылы, 77/7 мекенжайы бойынша орналасқан үй мен жердің 50 пайызын талап еткен. Бұл мүлік Қайрат Боранбаевтан қылмыстық іс бойынша тәркіленген. Аумағы 1,6495 гектар аумақта Esentai Tower бизнес орталығы, мейрамхана, кафе және басқа да нысандар орналасқан. Боранбаев 2016 жылдан бастап Esentai Tower және Esentai Mall кешенінің 50 пайызына иелік етеді.


"Қайратты" маған бере салған жоқ, қомақты қаржыға сатып алдым – Қайрат Боранбаев


Ерлі-зайыпты Боранбаевтардың мүлкін бөлу туралы азаматтық процесс 2024 жылдың сәуірінде басталды. Сотталушы ретінде кәсіпкердің өзінен бөлек, мемлекеттік сот орындаушысы Азамат Көпбаев пен Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті үшінші тұлға деп танылды. Бұл іске прокурор да қатысты. Кәсіпкердің әйелі даулы мүлікті тәркілеу бойынша атқару өндірісін тоқтатуды сұраған.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Айнұр Құмарова Шолпан Боранбаеваның арызын қанағаттандырмады.

"Боранбаева Шолпанның мүлктің 50 пайыздық үлесін бөлу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды", – делінген судьяның қаулысында.

2023 жылдың қыркүйегінде Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол заңсыз жолмен алынған мүлікті ұрлау және заңдастыру бойынша кінәлі деп танылды. 2023 жылдың қазан айында сот сотталушының жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев тағы бір істе жеңіске жетті. Астанада үйлер салған құрылыс компаниясы Қайрат Боранбаевқа 679 млн теңге қайтаруы керек.

Талқылау