Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боранбаев мемлекет меншігіне қайтарған Comfort қонақүйі қайтадан сатылымға шығарылды

Мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша қайталама тендер 25 сәуірге белгіленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kazfootball.kz
Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаев тергеумен бірлесіп мемлекет меншігіне өткізген "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін аукционға қайта шығарды. 27 наурызға жоспарланған бірінші сатылым қатысушылардан өтінім түспегендіктен болмай қалған еді. 

Мүлікті сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша қайталама тендер 25 сәуірге белгіленген еді. Бастапқы баға өзгеріссіз қалды – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 млн теңгеге тең. Бір қатысушыға сатуға рұқсат етіледі.

Тендер шарты бойынша жаңа иеленуші нысанды тек қонақүй бизнесін жүргізу үшін пайдалана алады. Қатысушының қайта құрылымдалған немесе мерзімі өткен кредиторлық берешегі болмауы керек. Сондай-ақ оның Қазақстанда қонақүйді басқару бойынша кемінде жеті жыл тәжірибесі болуы шарт. 

Фото электрондық сауда алаңының сайтынан

Тендер жеңімпазы келісім-шарт бойынша міндеттемелерді сақтай отырып шарт жасалған күннен бастап бір жылдан кем емес уақытта қонақүйді мерзімінен бұрын сатып ала алады.

Биыл қазан айында Қайрат Боранбаев өз еркімен тергеумен ынтымақтаса отырып, кейбір мүлкін мемлекетке қайтарды. Атап айтқанда кәсіпкердің компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін өз еркімен беру туралы өтініш берген. Боранбаев сонымен қатар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан фитнес-клубтар желісін мемлекет меншігіне берді.

Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың мемлекет меншігіне өткен қонақүйі сатылымға шығарылғанын хабарлағанбыз. 

Оның алдында Қайрат Боранбаев мемлекетке тағы 120 миллиард теңге қайтарды. 

 

Талқылау