Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бөліп төлеу және онлайн тіркелу – "Евразия" сақтандыру компаниясы автоКАСКО-ны қолжетімді етті

Қазақстандықтар КАСКО автокөлікті ерікті сақтандыру полисін жиі сатып алатын болған. Бұған дәлел – сақтандырудың осы түрі бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы сыйлықақы сомасының 53%-ға көбеюі. "Евразия" сақтандыру компаниясы автокөлік иелері не үшін автоКАСКОны жиі таңдайды және онлайн-бөліп төлеудің артықшылықтары туралы айтып берді. 

Өткен жылы қазақстандық автокөлік иелері КАСКО бойынша 56 млрд теңгеге келісімшарт жасап кезекті рекордты орнатты.

"Экономикалық жағдайды ескере отырып, КАСКО-ның танымалдығы артуын қалыпты жағдай деуге болады. Бөлшектердің және жөндеу жұмыстарының бағасы өсуіне байланысты, жазатайым оқиға кезінде міндетті автосақтандыру төлемі жеткіліксіз болуы мүмкін, себебі максималды сома заңмен шектелген. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру полисі апатқа кінәлі адамға келтірілген шығынды қамтымайды. Бүгінгі таңда бұл жаңа немесе қымбат көліктер үшін ғана емес, орташа баға сегменті үшін де өзекті мәселе", – деді "Евразия" сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.

Сақтандырушылардың болжамы бойынша, онлайн-бөліп төлеу автокөлік иелері арасында КАСКО-ның маңыздылығын арттырады, оның үстіне полисті eurasia36.kz сайтында онлайн немесе WhatsApp арқылы бірнеше минутта жасауға болады. 

Қалай жазылуға және бөліп төлеуді тіркеуге болады?

SmartCASCO бағдарламасы арқылы полисті рәсімдеу үшін eurasia36.kz сайтында көлігіңіздің нарықтағы бағасын көрсетіп, қажетті сақтандыру шарттарын таңдау керек және сізде кез келген қазақстандық банктің картасы болу керек. Бөліп төлеуді 2 айдан 11 айға дейінгі аралыққа рәсімдеуге болады.

Тіркеуді рәсімдеуге кесте бойынша төлем автоматты түрде жүргізілуі үшін жеке кабинетіңізге банк картасын тіркеу керек. 

Қазіргі уақытта бөліп төлеуді әрбір Қазақстан азаматы жеке тұлға ретінде қолдана алады. Алдағы уақытта қызмет компанияларға (заңды тұлғаларға) қолжетімді болады.

"Онлайн-бөліп төлеу КАСКО-ны бұрынғыдан да қолжетімді етті, себебі енді бір реттік төлемді бірнеше бөлшеккке бөліп, өзіңізге ыңғайлы кестемен төлеуге болады. Тіркеудің арқасында ешқандай сайтқа кірудің қажеті жоқ – төлем автоматты түрде жүргізіледі", - дейді Нұржан Жантөреев.

Айта кетейік, КАСКО-ны бөліп төлеуге алғанда полиске қатысты жеңілдіктер берілмейді. SmartCASCO полисін бірден төлеп сатып алу арқылы 50%-ға дейін жеңілдік алуға болады. 
SmartCASCO бойынша келісімшартты eurasia36.kz сайтында автокөлікті екінші рет тексеруден өткізбей-ақ созуға болады. 

АвтоКАСКО не үшін керек?

КАСКО сақтандыру төлемін таңдауға және автокөлік иесі жол-көлік оқиғасына кінәлі болған жағдайда да сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Шарттың талаптарында сақтанушының автокөлігін мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станциясында бағалау және жөндеу де қарастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, CASCO айналардың ұрлануынан немесе дискілердің зақымдалуы сияқты кішігірім тәуекелдермен қатар, ұрлық немесе өртеу, табиғи апаттар: бұршақ, дауыл, жер сілкінісі және тағы басқа үлкен тәуекелдерден қорғайды.

Біз автоКАСКО қалай жұмыс істейтінін нақты мысалдармен бұған дейін де айтып келеміз. Мәселен, өткен жылдың соңында жол-көлік оқиғасының салдарынан Nissan X-trail толық жанып кеткен, содан кейін иесі "Евразия" сақтандыру компаниясынан 9 миллион теңгеден астам төлем алған болатын.

ҚР ҚНРД лицензиясы 26.12.2022 № 2.1.20.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Сәуір, 2023 08:00