Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөлінгіміз келмейді": 21 жастағы сиам егіздері қалай жеке қарым-қатынас құратындарын айтып берді

Мексикалық 21 жасқа келіп қалған сиам егіздері Кармен мен Люпита Андраде YouTube арналарына "Менен кез келген нәрсені сұра" бейнебаянында хоббиі мен білімі, жиі еститін "орынсыз" пікірлер және болашақ отбасылық жоспарлары мен интимдік өмірлері туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме беріп.

сиам егіздері

Екі жасынан бастап Коннектикутта тұратын егіз қыздар кеуде бойымен омыртқалары түйісетін жамбас арқылы қосылып кеткен. Олардың екі қолы мен бір-бір аяқтан бар, Кармен оң аяғын, ал Люпита сол аяғын басқарады.

Дәрігерлер 2002 жылғы қыздар үш күн ғана өмір сүреді деп болжаған. Егіздерді бөлу олардың өліміне немесе жылдар бойы қарқынды терапияға әкелуі мүмкін деп айтылды. Сондықтан олар бірге болуды шешіп, бірігіп өмір сүруге бейімделді.

Қазіргі таңда егіздің сыңары Карменнің жігіті бар және бұл олардың өмірлерін өзгертті. Карменнің жігітімен қарым-қатынас құрғанына 1,5 жыл болған және осы уақыт ішінде егіздер өмір сүруді үйренді. Қос ғашық Hinge танысу қосымшасында танысты.

Кармен таныстық алаңында барынша шынайы болуға тырысқанымен, парақшасына сиам егізінің сыңары екенін көрсету ыңғайсыз екенін мойындады.
Ал оның егізі Люпитаның жұптық арақатынасқа көзқарасы теріс. Карменнің айтуынша, Люпита кей кезде олардың қарым-қатынасына араласып, жұптарды келемеждейді.

“Мен барлық нәрсенің басын ашып алғым келді. Бұл біз үшін сабақ болды. Біз жеке шекарамызды анықтап, неге рұқсат етіліп, неге жол берілмейтінін талқыладық”, – деді Кармен.

Жұптық арақатынастағы егіздің сыңары әзірге тұрмыс құру ойында жоқ екенін айтты. Өйткені ол небәрі 21 жаста, сонымен қатар, ол некеден гөрі өмірлік серігін табу маңызды екенін мойындады.

Олар интимдік өмірлеріне қатысты сұрақтарға да жауап беріп, "бір уақытта екі адаммен жыныстық қатынасқа түсу" ойы орынсыз екенін түсіндірді.

Егіздер өздерін мүгедек деп санамайды. Люпита мен Кармен кішкентайынан физиотерапияда жылдар бойы аяқтарын басқару үшін бірге отыруды және бірге жұмыс істеуді үйренді, ал төрт жастарында алғашқы қадамдарын бірге жасады.

Дәрігерлер оларды бөлгісі келгенімен, оның қауіпті екенін ұқты. Себебі олардың өмірлік маңызды мүшелері мен төменгі омыртқалары ортақ.

"Тіпті ота сәтті өтеді десе де, біз бөлінгіміз келмейді. Өйткені бірге өмір сүруге дағдыланып, бір-бірімізге үйреніп қалдық. Екеумізді бөлудің мәні жоқ", — деді сиам егіздері. 

Екеуін бөлу туралы әңгіме басталған кезде Люпита мен Кармен анасынан: "Неге бізді екіге бөлгіңіз келеді?" деген екен.

Люпита сколиозбен ауырады, яғни омыртқасы бүйірден қисайған, бұл оның өкпесінде құрысуларға әкеледі. Дәрігерлердің айтуынша, оған омыртқа сегментін алып тастау үшін ота жасау қажет немесе балама түрде оттегі цистернасын пайдаланылады.

Сколиоз хирургиясы салыстырмалы түрде қарапайым ота болуы мүмкін, бірақ бұл сиам егіздеріне жасау қиындық тудырады. Сол себепті Люпитаның өліп кету немсе миының зақымдану қаупі жоғары.

Талқылау