Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болат Назарбаевтың қызына қатысы бар": Алматыда құны 22 млрд теңге бөгетті апатты жағдайда пайдалануға бермек болған

Алматы тауындағы құны 22 млрд теңге болатын Ақсай бөгетін пайдалануға ақауларымен бермек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы сенат депуататы Сергей Пономарев мәлімдеді. 

"Ақсай бөгеті – күрделі гидротехникалық селге қарсы құрылыс. Жобаға 22 млрд теңге жұмсалды, "TOLAGAI-2050" компаниясы оны мемлекеттік балансқа бере алмай отыр. Себебі жоба өрескел заң бұзушылықтармен аяқталған", – деді депутат.

Ақсай өзені – Алматыдағы сел қаупі бар өзендердің бірі. Жоба барысында су галереялары бөлек болуы керек болса да, құрылыс кезінде біріктірілген болып шықты.


Болат Назарбаевтың мұрасын бөлу басталды: Мүлікке кімдер таласады


"Егер бұл бөгет 100 мың адамды сумен қамтамасыз ету үшін қажет деп есептесек, әлі де 30 миллиард теңгеге жуық жобалар бар екенін ескерсек, барлығы 50 миллиард теңгеге қауіп төніп тұр. Сарапшылар бір шешімге келе алмай отыр", – дейді депутат.

Депутат халықаралық сарапшыларды тартып, ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды. 

Қазір нысандағы жұмыстар тоқтатылып, мердігермен келісімшарт бұзылған.

Айта кетейік, Ақсай өзенінде сел ұстағыш бөгет салу үшін Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаевамен байланысы бар "Толағай-2050" ЖШС-мен 170-тен астам мемлекеттік келісімшарт жасалған. 

Еске салсақ, 12 сәуірде төтенше жағдайлар министрлігі Ақсай өзеніндегі бөгетке қатысты Алматының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұрғанын және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. 

Талқылау