Болат Назарбаевқа қатысты атышулы сұхбаттағы мәлімдемелерді Бас прокуратура тексереді
Бас прокуратура кәсіпкер Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжанның сұхбатта айтқан деректерге қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прократура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтылған мәлімдемелерге қатысты деректер тексеру үшін екі органға жіберілгенін айтты.
“Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында сұхбатта айтылған бірнеше фактілерін тексеру бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды қарады. Осы фактілерді тексеру үшін сұрау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жіберілді. Аталған органдар тексерудің нәтижесі туралы хабардар етеді", – делінген ресми жауапта.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған