Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақ жарына аяқ көтерген Заңғар Нұртас әкесінен оңбай сөз естіді

Екінші рет үйленгелі жүрген Заңғар Нұртас әлеуметтік желіге сүйіктісімен бірге түскен видео жариялайды. Бейнежазбада Заңғар ойнап жүріп Индираны теуіп қалады. Ұлының бұл қылығы Нұртас Айдарбековке жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Бейнежазбаны желіден көре сала Нұртас Айдарбеков кенже ұлына видеомен хабарласты.

“Заңғар, сен өзіңе көп алып қойған жоқсың ба? Неге қызға аяқ көтердің? Не күлесің? Не қылған ойын ол? Ойын деп қызға аяқ көтересің бе? Ойнайтын нәрсені тапқан екенсің. Басқамен ойна. Қызға аяқ көтеріп, оны желіге салыпсың. Байқа, бала”, – деп ашуланды ол телефонның арғы жағынан.

Заңғар әкесіне болашақ келіншегімен қалжыңдасып, ойнағанын айтып ақталды. 

“Папа, ойын ғой. Сіз дұрыс түсінбей қалдыңыз”, – дейді Заңғар.

Ұлын жөнге салған Нұртас Айдарбековке желі қолданушылары тәнті болды.

“Дұрыс, кемшілікті осылай түзеп, тәрбиелеу керек”, “Жақсы әке. Тәрбие тал бесіктен”, “Дұрыс, баланың артық қылығын байқасаң бірден шектеп отыру керек”, “Атасы келіндерінің крышасы”, “Нұртас аға бәрін бірден орнына қойды”, “Жарайсыз, құрметтеймін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Талқылау