Бокстан Ұлттық құрама капитаны ауысты
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны ауысып, Асланбек Шымбергеновтің орнына жаңа капитан тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында салмақ дәрежесін ауыстырған Айбек Оралбай Ұлттық құраманың жаңа капитаны ретінде тағайындалды. Аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Асланбек Шымбергеновтің орнын басып, Ұлттық құраманың капитаны атанды. Айбек те, Асланбек те Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Дегенмен Айбектің жеңілісіне спорт мамандары төрешілердің қатесі себеп болғанын айтты.
Айта кетейік, Айбек Оралбай 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2021 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан

