Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионын жеңді
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Нұр-Сұлтанда өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі

Финалда Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Севонрет Оказаваны жеңіп шықты.
Ұлттық команданың көшбасшысы бастапқы раундтарды бірдей есеппен ұтты (4:1). Жекпе-жек нәтижесі бойынша ол қарсыласын ұпай саны бойынша жеңіп шықты.
Айта кетейік, Оказава чемпиондық атақты 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында жеңген еді. Сол жарыстың жартылай финалында ол қазақстандық Абылайхан Жүсіповтен басым түскен болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

