Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатының өтетін орны ауысты
Қазақ боксшылар қатысатын 2024 жылғы Азия чемпионатының өтетін орны ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азия бокс конфедерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орнын өзгертетінін ресми мәлімдеді. Азия чемпионаты әу баста Иорданияның Амман қаласында өтуге тиіс еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биыл чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін болып өзгертілді. Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Таиланд Азия чемпионатын соңғы рет 2019 жылы қабылдаған еді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының құрамы әлі нақтыланған жоқ.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

