Боксшы Зәкір Сафиуллин жекпе-жекке шықпай ширек финалға өтті
Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токиодағы Олимпиадада ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Токиода Олимпиада ойындарында бокстан ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр.
63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин ширек финалға шықты.
Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Даисуке Наримацу болатын. Алайда жапониялық боксшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Нәтижесінде, қазақстандық Зәкір Сафиуллин келесі айналымға өтті.
Еске салсақ, бұған дейін боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыққаны айтылған еді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады