Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Боксшы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін кезектен тыс Конференцияда комитеттің жаңа басшылық құрамын таныстырып, алдағы жоспарларды белгілеп өттім. Туризм және спорт министрлігіне, сондай-ақ бүгінгі шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін! Сурдлимпиялықтар, алға!" – деп жазды Сәпиев.

26 сәуірде Астанада Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің (ҰСҚ) кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға Комитеттің делегаттары мен құрылтайшылары, сондай-ақмемлекеттік органдар мен спорт қоғамдастығының өкілдері қатысқан. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша ҰСҚ Президенті болып Серік Жұманғалиұлы Сәпиев сайланды.  

Оның кандидатурасын құрылтайшылар бірауыздан қолдады.

Конференция барысында Комитеттің вице-президенттері де бекітілді: Достан Ибрагимов, Руслан Ищанов, Павел Казанцев, Азамат Қарлығашев, Қуанышбек Мұқаш, Мейрамбек Махамбетов, Ғабит Сатмағанбетов, Арсен Шакуов және Бекзат Қалиев. Бас хатшы қызметіне АйжанЧокина тағайындалды.

Бұған дейін Серік Сәпиевтің Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне бекітілгенін жазған едік.

Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында бокстан чемпион болды. Сондай-ақ ол екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007) және екі мәрте Азия чемпионы (2007, 2009) атанған.

2019 жылдың қаңтарында Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болды. 2021 жылдың қазанында оның отставкаға кеткені белгілі болды.

2023 жылдың сәуірінде Серік Сәпиев Қазақстан спортшылар одағы президиумының төрағасы атанды.

Айта кетсек, Ұлттық сурдлимпиадалық комитеті (ҰСҚ) — Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы негізінде қызмет атқаратын ұйым. Комитет Қазақстанды Халықаралық саңыраулар спорт комитетінде (ICSD) таныстырады және есту қабілеті бұзылған спортшыларды Сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға дайындауды жүзеге асырады.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 27 Сәуір, 2025 10:00
Талқылау