Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогерлер балалардың құқығын қорғау туралы заңның қай бөлігінен қорқады – Динара Закиева жауап берді

Бүгін сенатта әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң екі оқылымда мақұлданды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева көпшілік заңдағы балаға қол көтермеу туралы бөлігінен қорқып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат кулуары

Закиеваның сөзінше, заңға 70-тен аса өзгеріс енгізілген. Олар бірінші кезекте отбасы мен балаларға көмек көрсететін инфрақұрылым жасауға, екіншіден тұлғаға қарсы қылмыс, оның ішінде балаға қарсы жасалған қылмыс жазасын күшейтеді.

“Осыған байланысты атап өткім келеді, заңнамада отбасыны нығайту, өмірде қиын жағдайда қалған отбасыларға көмектесетін инфрақұрылым жасау қарастырылған. Заңнамада отбасыдан бала тартып алу, алып қою туралы түзету жоқ. Отбасы кодексінде 2011 жылдан бері ата-ана құқығынан айыру, баланы тартып алуға негіз болатын бөліктің бәрі бар. Қосымша өзгеріс жоқ”, – деп түсіндірді ол. 

“Онда блогерлер бұл заңаманың қай бөлігінен қорқып отыр?” деп сұрады тілшілердің бірі. 

“Балаларға қатысты қылмыс жасағандарға жазаны күшейту қарастырылған, меніңше, олар осы бөліктен қауіптеніп отыр. Заң зорлықты болдырмау мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Біз баланы ұруға болмайтынын, оның тұлға екенін, балаға қол көтеру – тұлғаға қарсы жасалған қылмыс екенін түсінуіміз керек”, – деп атап өтті бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Айта кетейік, бүгін парламент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады

Талқылау