Блогер Жанабылов пен оның әйелін түрме жазасы күтіп тұр: Іс қылмыстық іске ауыстырылды
Фото: Ерболат Жанәбіловтердің желідегі парақшасынан
Елорда соты Ерболат Жанәбіловке қатысты істі қайта қарады. Ол әкімшілік істен қылмыстық іске ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, материалдарды Астана қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жіберу туралы шешім қабылдады.
Себебі блогердің әрекеттерінен заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған.
Айта кетейік, блогер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты іс әкімшілік деңгейден қылмыстыққа ауысатынын жазған едік. Тергеу олардың әрекетінен заңсыз кәсіпкерлік пен алаяқтық белгілерін көріп отыр. Жанәбілов кінәсін мойындамады, ал министрлік өкілі олардың ұтыс жүйесін "лохотрон" деп атады. Сот процесі жалғасып жатыр.
Спорт министрінің өкілі сотта Жанәбіловтердің ұтысын "лохотрон" деп атады
Еске салайық, күні кеше ғана блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазған едік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды. Артынша, туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
