БҚО тұрғыны өзі тұрған үйді бар дүниесімен мешітке тарту етті
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы орталығында Сайқын ауылының тұрғыны Медет Сикенов өзінің екі бөлмелі баспанасын мешітке сыйға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медет бес уақыт намаз оқып, ораза ұстайтын жан. Ол отбасымен жаңа қонысқа қөшіп, бұрынғы үйін мешітке тарту етті. Үйімен бірге «Отау тв» қондырылған теледидарымен, тоңазытқыш, басқа да жиһаздарын қалдырды.
Аудан имамы Назымбек Иманғалиевтің айтуынша, үйге газ кіргізіліп, барлық қажеттіліктер жасалған. Енді бұл үйге аймақтардан келетін имамдар орналасатын болады.
Тағы да оқыңыз:
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар