БҚО-да жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды
Қазіргі таңда, су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеу жұмыстары басталды. Оның ең бастысы - үйін су басқан отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету.
Сурет Stan.kz
Қазір облыс аумағындағы жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, салынатын жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін жергілікті компаниялардың тізімі анықталып, дайындық жұмыстары басталды. Тұрғын үйлер құрылысы "Қазақстан Халқына" қоғамдық қорының, өңіріміздің КПО б.в., ЖайықМұнай, Оралойлэнд Газ, Конденсат сияқты және өзге ірі кәсіпорындардың қаражаты есебінен іске асырылады.
Айта кетейік төтенше жағдай салдарынан 1 292 тұрғын үйге зиян келтірілді. 1 150 үй бойынша техникалық тексеріс жүргізілді. Қорытындысында 397 ұй тұруға жарамсыз деп танылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған