Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да мектеп оқушысы суға батып бара жатқан 3 жасар баланы құтқарып қалды

БҚО-да мектеп оқушысы суға батып бара жатқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

БҚО-да мектеп оқушысы суға батып бара жатқан 3 жасар баланы құтқарып қалды

Қошанкөл аулында тұратын 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов кешкі уақытта өрістен келген малдың алдынан шыққан.

Ол тоғанның жанынан өтіп бара жатып, суға батып бара жатқан баланы көріп қалған. Ол ойланбастан бірден суға күмп беріп, бүлдіршінді шығарып алған. Бүлдіршінге алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін өзіне келді.

Ал 3 жасар Аршаттың әкесі Медет Түменовтің сөзінше, сол күні кенже ұлы екі ағасымен (үлкені 1-інші сыныпта оқиды) тоған маңында ойнап жүрген. Осы кезде кішкентай бала суға құлап кеткен екен. Абырой болғанда, оны Нұрдәулет дер кезінде байқады.

Ал Нұрдәулеттің анасы Гүлжан Сейсенова ұлының әрекетін мақтан тұтады. Нұрдәулеттің сөзінше, ол алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін мектепте үйреніп алған.

БҚО-да мектеп оқушысы суға батып бара жатқан 3 жасар баланы құтқарып қалды

Аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиевтің сөзінше, оқиға 5 мамырда орын алған. Алайда ол туралы қазіргі уақытта ғана белгілі болып отыр.

«Төтенше жағдай кезінде абдырап қалмай, баланы құтқарып қалған Нұрдәулеттің әрекетін үлгі етуге болады. Қазір аудан басшылығының тарапынан Нұрдәулет Айболатовты марапаттау мәселесі қарастырылып жатыр», – дейді Серік Жұмағалиев.

Оқи отырыңыз:

«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді (фото, видео)

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Қызылордада марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай ескерткіш орнатылды (фото, видео)

Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасы бұған дейін тергеушілер айтқызбаған сұмдық жайттардың шетін ашты

Талқылау