БҚО-да дәрігерлер тікұшақ апатынан тірі қалғандардың жағдайы туралы айтты
Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатынан тірі қалған екі адамның қазіргі жағдайы белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше6 апаттан кейін 1961 және 1987 жылы туған ер адамдар ауруханаға жеткізілген.
"Екеуіне де жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, төбе аймағының жарақаты диагноздары қойылды. Олар қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды", – деді дәрігерлер.
Қазір науқастардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Еске салайық, 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылының маңында Ми-8 АМТ “Казавиақұтқару” тікұшағы апатты жағдайда қонған. Ұшақ "Қазтрансойл" АҚ тапсырысы бойынша құбырдың үстінен ұшып өтті. Бортта бес экипаж мүшесі мен жолаушы – "Қазтрансойл" АҚ өкілі болған. Салдарынан төрт адам көз жұмды.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"