БҚО-да апалы-сіңілі кішкентай қыздар зорланды: полиция мәлімдеме жасады
Полиция Батыс Қазақстан облысында зорланған апалы-сіңіліге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, ер адам қыздарды зорламақ болған. Қазіргі кезде күдікті ұсталды.
«Теректі ауданы тұрғындарының түсірген шағымдарына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды», – деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.
Облыстық Денсалық сақтау басқармасы қыздардың медициналық көмекке жүгінбегені туралы айтты.
Айта кетсек, БҚО-да Новая Жизнь ауылында 4 және 5 жасар қыздардың зорланғаны туралы хабарланған болатын. Тұрғындар педофил олардың көршісі болып шыққанын айтты. Қыздың бірі ауылға туыстарына қонақ ретінде келген екен.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды