БҚО-да 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді
Батыс Қазақстан облысында 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Оқыс оқиға 30 маусым күні Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында болған.
Тұрғындардың айтуынша, үйінің есігінің алдында жүрген баланы жылқы тепкен. Оқиғаны көрші әйел көрген. Баланы ата-анасы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізгенмен, оны аман алып қала алмаған.
Атырауда саябақта 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап мерт болды
Бүлдіршін бүгін жерленді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Щапов ауылдық округінің әкімі мен аудандық полиция бөлімі ақпаратты растады.
Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында полиция ғимаратында оқ жарақатын алған полицейдің көз жұмғаны туралы жазған едік.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған