БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін болады", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы – 1969 жылы туған. Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "ғалым агроном", "заң ғылымдарының бакалавры" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметін атқарған.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті