Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Біз украиналықтарға қарыздармыз”: Беларусь азаматтары Украинаны қорғауға аттануда

Беларусь президенті Александр Лукашенко әлем алдында Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа өз елінің қатыспайтынын айтқан болатын. Дегенмен беларусь халқының арасынан Украинаны қорғау үшін ерікті топтар аттануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

Бейресми деректер бойынша, Украинаның ерікті жасақтарында 200-ге жуық 20-50 жас аралығындағы беларусь азаматы болуы мүмкін. Олар славян бауырластарына "Путиндік агрессиямен күресуге" көмектескісі келеді.

“Мен қарумен де, пышақпен де күресуге дайынмын. Беларусь елі мен Украинаның тағдыры осылай шешілмекші”, – деді Вадим Прокопьев.

Вадим – 2020 жылғы президенттік сайлаудан кейін Польшаға кеткен белгілі беларус кәсіпкері және оппозиция қайраткері. Ол өзінің жолдастарымен Киевке бару туралы шешімді небәрі бір сағатта қабылдап, ақпан айының соңында Варшавадан Киевке марш жасаған беларус еріктілерінің колоннасына қосылған. 

“Біз жолға өте арзан көліктермен шығып, жеткенше бұзылмаса екен деп тіледік. Бақылау бекеттерінің біріне келгенде командирлері бізден сұрау алды. Маған украин тіліндегі “дөңгелек нан” деген сөзді айтуға тура келді. “Паляниця” деп қолданылатын бұл сөздің дұрыс айтылуын тек нағыз украиндықтар ғана айта алады деген дерек бар”, –  деді Вадим. 

Прокопьевтің айтуынша, еріктілердің арасында түрлі мамандықтағы және түрлі жас арасындағы беларустар бар. Бәрінде бір мақсат – украиндықтарға қолдау көрсету.

Вадим қауіпсіздік мақсатында өз бөлімшесінің атын атамады. Оның дәл қазіргі ісі – комуникацияға жауап беру, яғни Ресей таратқан жалған ақпараттардың көзін жою. Айтуынша, қазір қолындағы қаруы ұялы телефон болғанымен, керек жағдайда нағыз қару ұстауға дайын. 

Прокопьев әскерилерге шынайы ақпарат таратумен айналысуда. Айтуынша, бұл үшін арнайы бір телефон олардың қолында жүр.

“Біздің жігіттер үшін тірі қалу – ең маңыздысы. Украинаға беларустер қарыздар болған үшін оларға көмектесуге бара жатырмыз. Біз бұл үшін ешқандай қаржат алмаймыз”,– деді ол.

Тағы бір белсенді Алексей 2020 жылы Александр Лукашенкоға қарсы наразылықтар кезінде Беларусьте өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істерге байланысты Украинаға қашып кеткенін айтады. Мұнда ол саяси баспана сұраған.

"Украина сол кезде мені қорғауға уәде берді. Енді мен Украинаны қорғаймын", – деп түсіндірді ол.

Ол 2015 жылдан бері қызмет еткен өзінің досының аумақтық батальондарының біріне қосылғанын айтады. 

"Біздің топтың бір бөлігі далаға барып жауды жеңді. Біз әлі де жаттығулардан өтіп жатырмыз, құрал-жабдықтар алып, өз кезегімізді күтіп отырмыз. Украиндарға қарсы соғысуға келген Беларусь емес. Нағыз беларустар қазір украин ағайындармен бірге соғысуда", – деп қосты ол.

Апта басында БАҚ беттерінде әскери пойыздардың қозғалысына кедергі жасау мақсатында Беларусь темір жолдарында партизандық диверсия жасалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Беларусьтің үш облысында дабыл беретін қондырғылар жойылып, теміржол желілері жабылған. Осыған байланысты Ресей темір жолдары түнде Беларусь аумағы арқылы жылжымалы құрамның, соның ішінде әскери пойыздардың қозғалысына тыйым салды. Ал беларус машинистері локомотивтерді жүргізуден және жүк тасымалдауға барудан жаппай бас тартуда.

Олар басты міндеттері соғысты тоқтатып орыс әскерлерінің оккупациясынан құтылу екенін айтып, ата-бабаларының жақсы атын қалпына келтіру үшін нақты істер жасалатынын жеткізді.

Талқылау