Біздің мәжілісте бірінші қолға алатынымыз ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін салықтың барлық түрін толық жою – Әли Бектаев
"Ауыл" партиясының Парламент Мәжілісінде бірінші қолға алатыны ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын, азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бастапқы және терең қайта өңдеу кәсіпорындары үшін әлеуметтік аударымдардан басқа салықтың барлық түрін толық жою болады. Сондай-ақ, фермерлер мен кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мәселесі алаңдатпауы тиіс. Сондықтан партия бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор ұйымдары тарапынан кепілді сатып алу және өткізу жүйесін құруға қол жеткізеді.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының алғашқы үгіт-насихатын 19 ақпанда Жамбыл облысының ауыл тұрғындары мен кооперативтерін "Ауыл төрге шықсын!" атты слетке Тараз қаласына жиюмен бастаған "Ауыл" партиясының жиынында аталған партия төрағасы Әли Бектаев осылай деді.
Бұлай дейтін себебі – "Ауыл" партиясы ауыл проблемаларын біледі және оларды шешу бойынша нақты көзқарасы бар. Партияның саяси платформасында ауылды, атап айтқанда, олардың сын көтермейтін экономикасын, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілген. "Ауыл" партиясы Мәжілісте Қазақстанды индустриялық – аграрлық державаға айналдыру үшін "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылдауға, жер кодексін қайта қарауға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы түбегейлі қайта қарауға, сондай-ақ әкімдер мен депутаттар халық қойған міндеттерді орындамаған кезде оларға ең қатаң жазалау шараларын қолдануға мүмкіндік беретін заңдарды қабылдауға мұрындық болады.
Ауылды елді-мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде кешенді және жүйелі тәсілді қолдану, ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасау, ауылдық елді мекендерді газдандыру және оларды жоғары сапалы интернетпен қамту, ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқарту мәселесін көтереді.
Партия төрағасының осынау мәлімдемесінен кейін мінбеге көтерілген ауыл кооперативтерінің мүшелері, ауыл тұрғындары мен шаруалар "Ауыл" партиясының қолға алған істері шын мәнінде ауылдықтардың мақсат-мұратымен қабысатынын, көкейге қонатынын жеткізді. ""Ауыл" партиясы таңдаған ұран да, жол да ауыл мүддесімен үндеседі. Біз "Ауылды" қолдаймыз", - десті олар.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары қазақтың киелі қарашаңырағы – киіз үйінде кандидаттарды жинап, олардың саяси додада мәреге шашасына шаң жұқпай жетулеріне тілеулестік білдіріп, баталарын берді.
Тапсырыс беруші: "Ауыл" ХДПП;
"Ауыл" ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?